Робот келін! Айнұр Ілиясованы енесі Дариға Тұранқұлова қыспақта ұстағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айнұр Ілиясова да, келешекте «көпбалалы ана» атануға құлықты! Алайда, актриса әуелі екінші анасының разылығын алуды басты міндеті санайды. Еске салсақ, сылқым талай әртісті түлеп ұшырған ұстаз, профессор Дариға Тұранқұлованың келіні.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Ол кісінің көп уақыты бола қоймайды, бола бермейді. Өйткені, ол кісі таңнан кешке дейін жұмысында. Мен негізі енемнің топырағынан жаралғам негізі. Басында сәлем салдым, орамал тақтым. Бірақ, ол кісі айтады, мен сені қолдаймын бәрі жақсы. Күнделікті маған сәлем салудың қажеті жоқ, балам бәрі жақсы жүре бер деді.

Ақбота Сейтмағамбет те, жұмысбасты келіндердің бірі. Сылқым отбасылық өмірдің алғашқы күндері, енесінің алдында түк білмегендіктен аздап ұятқа қалған.

Ақбота Сейтмағамбет, әнші, актриса:

- Ақ саусақ болып келгенмін, бірақ енемнің, мамамның арқасында қазіргі уақытта ас үйдің қыр-сырын үйрендім. Тағамның қыр-сырын деген сияқты. Заманауи келін деген енді үйді де ұстап отыратын, бала шағаны да бағып отыратын, асты да әзірлеп кететін жұмысты да қатыратын адам болуы керек.

Бұл тізімдегі дүниелерді толықтай орындау, Ақботаға әзірге арман. Есесіне, көпбалалы ана әрі келіндік тәжірибиесі мол Динара Сұлтан нағыз «заманауи келін» атанудың құпиясымен бөлісті.

Динара Сұлтан, әнші:

- Таңертең ерте тұру ғой, ең бастысы сол ғой, адамның ең бірінші жауы ол ұйқы дейді ғой, ұйықтамау керек, ерте тұру керек. Ұстаным сол ерте тұрып, балалармен айналысу, одан кейін уақыт қалған кезде өзімен айналысам.

Ең қызығы, Динара келін болып түскенде орамал да тақпаған, сәлем де салмаған. Үздік отанасы атану, мұндай салт-дәстүрге де, қалыңдықтың жасына да байланысты емес, - дейді Айдана Меденова.

Айдана Меденова, әнші:

- Бұл енді жасқа қарамайды деп ойлаймын. Өйткені болады, жас қыздар өте ақылды, ең бастысы тәрбиесіне байланысты, өзінің талпынысына байланысты, миына байланысты.

«Қысқасы, таудай талап болса, үздік келін атану түк емес» дейді ол.