Атағынан ат үркетін актер Досхан Жолжақсыновтың казино жағалағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Халық әртісі атұстарына құмар ойынның қыр-сырын неге үйретті?

Адамның ақылын алып, «Мәжнүннің» күйін кешіретін махаббат қана емес, ХХІ ғасырдың індеті – құмар ойындар қосылды бұл қатарға. Әсіресе, ел танитын оғландар ойда жоқта ол ортаға түсіп, опық жеп қалып жатады. Бұл тізімде Рүстем Қайыртайұлы да бар. Ақын: «Тіпті, айтыстан ұтқан темір тұлпарлар тізгінделмеген күйі, ойынханалардың табалдырығында қалып кетті»,- дейді.

Рүстем Қайыртай, айтыскер ақын:

– Менің де басымнан өткен тағдыр еді. Мен де біраз қомақты қаржымды... «Үй» деп те айтса болады, үлкен «Джип» деп те айтса болады. Кезінде адасып балалықпен ойнағам. Бірақ мен дер кезінде тоқтап, үйіріме қосылып, айтысыма шығып... Мен ол дүниені, Аллаға шүкір. дер кезінде қойдым.

Құмар ойындар Досхан Жолжақсыновты да айналып өтпеген. «Мен құрығына түсіп қалмай, саналы түрде көрдім, тіпті ұлыма да ойнаттым. Ақылсыздықтан емес, астарында мән-мағына болғандықтан» дейді халық әртісі.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі:

– Ақша салып та ойналды, былай-ақ ойналды. Бірақ, оған басымыз кеткен жоқ. Басымызды жоғалтқанымыз жоқ. Ал, мына автомат келгеннен кейін, техникалық жаңалықтар. Оны да ойнадық. Баламызға да ойнаттық. Неге ойнаттым мен мысалы балама? Біріншіден, намысын оятатын дүниелер болады. Екіншіден, жаман мен жақсыны айырып алатындай, содан кейін қалтасына салған пұлдың қадір-қасиетін білу үшін.

Ал, Жасұлан Базарбаев отандық шоу-бизнестегі азуын айға білеген әртістердің өздері бұл дерттен әлі күнге дейін айыға алмай келе жатқандарын айтады. Бірақ ол өнер иелерінің атын атаудан бас тартты.

Жасұлан Базарбаев, «Диета.kz» тобының әншісі:

– Кейбір адамдарға сөзім тиіп кетер.

Әншінің өзі де бір кездері бұл ойынға құмартқанын жасырмады.

Жасұлан Базарбаев, «Диета.kz» тобының әншісі:

– Сондай нәрсені ойнадық біз де. Ол уақытта Алматының іші толған аппарат дейді ғой, рулетка. Тиын сап қойып ойнайтын ше. Бірақ, менің самоконтролім, тормозым мощный. Бір нәрсені істемеймін деймін ба, істемей кетемін.

Тежегішін тарта білгендердер тағдырдың таяғын жемесі анық. Бүгінгі кейіпкерлер өздерін дер кезінде ұстап, ойынның уысында жібермеген жігерлілер. Ал, құмар ойынның құрдымына құлағандары қаншама?!