MDee, Abdr және The Limba! Ресейге танылған музыканттар енді бір лейблда өнер көрсетпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғаламторда танылып жұлдыз болған жас музыканттар жетерлік. Тректері бірден хитке айналып, өз аудиториясын қалыптастырған нью-скул әншілер, бүгінде аншлагпен концерттерін өткізіп жүр.

Музыканттардың дәл осындай кешін ұйымдастыру – «Өзенге» тиесілі. Музыка саласындағы жаңа толқын – жас әншілерді қолдау мақсатында ашылған. Аталмыш ұйымның мүшесі атанғандардың бірі – Кисло-Сладкий атымен таныс рэпер.

Кисло-Сладкий, рэпер:

- Менің әртіс атым – Кисло-Сладкий. Дос балам - Бона. «Өзен» - жаңа дистрибюция, өлеңдер шығарып, біздің жаңа қазақ балдарын көрсетіп, где то 2-3 айдай болып қалды.

Кисло-Сладкий, Bonah лақап атымен танылған музыкантпен бірге өнер көрсетеді. Қос өнерпаз күні кеше алғашқы бейнебаяндарын да жарыққа шығарған болатын. Шығармашылықтарын енді бастаған жігіттер, әр туындының қалай жарық көретінін де айта кетті.

Bonah, рэпер:

- Біз трек жазу үшін арнайы дайындалған емеспіз. Кездесіп студияда бас қосқан сәтте, ойға келген фристайлды алып бір туынды шығара саламыз. Барлығы көңіл-күйге байланысты.

Bonah-ның айтуынша, трек көптің көңілінен шығу үшін битмейкердің жұмысы маңызды.

Bonah, рэпер:

- Кейбір музыканттар белгілі бір қаражатқа бит сатып алады. Себебі талантты битмейкерлер жұмыстарын қымбатқа бағалайды. Бізде сатып аламыз, бір биттің бағасы 30 доллардан бастап 3000 долларға дейін барады.

«Дала» трегі хитке айналып, тыңдарманның көзіне түскен NVRBEK-те музыкасын өзі жазады. 19 жастағы өнерпаз бір композицияға кәсіби шеберлердің көмегі әрдайым қажет деп отыр.

NVRBEK, жас музыкант:

- Музыканың бәрін өзім шығармаймын. Бірінші тректің мәтінін жазып, оған минус сатып аламын, және музыканың сөзіне байланысты оранжировкасын таңдаймын. Барлығын сатып алу қаржы талап етеді, сондықтан мен мүмкіндігінше битмейкерлікті үйренуге тырысып жүрмін.

«Өзен» шығармашылығын жаңа бастаған музыканттарды ғана емес, ТМД-ға танылған The Limba, Mdee және Abdr сынды әншілерді де өз қарамағына алған.