«Бродвей» мюзиклінде өнер көрсеткен «Kesh You» тобы іріктеуден қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Broadway musical shows» алғаш рет Қазақстанда қойылды. «ЖасSTAR» фестивалі аясында ұйымдастырылған кеште, «Величайший шоумен», «Ромео и Джульетта», «Ла-ла ленд», және «Mamma mia» сынды мюзиклдардың композициялары орындалды.

Әлемге әйгілі туындыларды шырқау танымал жұлдыздарға бұйырған. «Аладдин» фильміндегі Джиннің образын сомдау үшін, әнші Али Кньязкин арнайы шақырту алыпты. Музыкант, кейіпкеріне ұқсау үшін 3 сағаттан астам гриммде отырған.

Али Кньязкин, әнші:

-Сахнада гриммен өнер көрсету, кішкене ыңғайсыздау. Тіпті, мені толықтырып тұрған образымның өзі, әрленген бетім, мұның бәрін ойлап тұрып, сен кәсібилігіңді жоғалтпау керексін. Себебі басты мақсат ол жақсы ән шырқау.

«Kesh You» тобы «Мама Мия» жұлдыздары атанды. Гелзбенд атақты әнді орындауға таңдалып алынған. Бұрымдылардың бұл алғаш рет мюзиклде өнер көрсетуі. Қыздар, тіпті біраз уайымға да салынғандарын жасырмайды.

Kesh You тобы:

-Өте қобалжулымыз өйткені, жанды дауыста оркестрдің үлкен, мюзикл жанрында бірінші рет орындауымыз. Және үлкен бір қойылыммен болайын деп жатқандықтан біраз қобалжу бар. Бірақ ұзақ уақыт дайындалдық.

«Бродвей» стильнде өткен концертте, өнер өкілдеріне ұйымдастырушылар тарапынан қатаң талаптар қойылған. 3 айдан бері дайындықтан өткен әнші Дана, ең бастысы кәсібилік деп отыр.

Dana, әнші:

-Профессионализм, әрине бұл өлең айту, би билеу, актерлық сенің шеберлігің сол. Осының бәрі болу керек сенің бойыңда. Сондықтан да мен өте қуаншытымын осындай концертке қатысқаныма.

Дана бұл кеште «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаевпен бірге «Ла Ла Лэнд» қойылымының басты кейіпкері.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған мюзикл, болашақта өз жалғасын таппақ. Қатысушылардың өнеріне тәнті болған авторлар, Голливудтың нағыз «Бродвейінен» кем түспейміз деп отыр.

Біржан Хасанғалиев, ҚР еңбек сіңірген әншісі:

-Біздің жұлдыздардың жалпы дарынды орындаушылардың, деңгейі өте жоғары деп толығымен айтуға болады. Бізде де осындай жанрлар дамып, халыққа көрсетілуі керек. Өйткені, сол арқылы халық басқа елдің, керемет өнер жетістіктерін көреді, тамашалайды танысады. Сондықтан ол бізге керек.