Мэтт Дэймон кімге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Енді сенімен бір алаңда жұмыс істемеймін!» Бұл Мэтт Дэймонның режиссер Джеймос Кэмеронға айтқаны. Актердың «Титаник» режиссеріне өкпесі қара қазандай. «Онымен түсірілімде тегеурінді тірлік тындыру мүмкін емес. Бәрі Джеймстың көңіл күйіне байланысты. Егер сіркесі су көтермей тұрса, процессты оп-оңай тоқтата салады» деп отыр режиссердің шайпау мінезінен шаршаған Мэтт Дэймон!

Брэдли Купер Ирина Шейкпен қайта қосылуға ниетті! Бұл әңгіменің тарап кетуіне түрткі болған, Брэдлидың Батыстық БАҚ-қа берген сұқбаты. Актер онда Лэди Гагамен болған махаббат хикаясының жалған болғанын, бәрі әншінің «Звезда родилась» толықметрлі фильмі үшін жасалған пиар қадам екенін ашып айтқан. Ал қос ғашықтың жанкүйерлері болса, «Ирина ақылға келіп Брэдлиді кешіретін шығар» деген болжам жасауда.

Шакира алғаш рет жанкүйзелісі жайлы сыр шертті. 2017 жылы әлемдік турнеге аттанбақ болған әншіге суық тиіп, барлық гострольдік сапарларын кейінге шегеруге тура келіпті. Міне, сол уақытта Шакира шығармашылық тоқырауға ұшыраған екен. «Әлемім қарайып кетті. Күнде өзімнен өзім жылайтын әдетті шығарып алдым. Бірақ дауысым қайта қалпына келіп, сөйлей бастағанымда қуанышымда шек болмады» дейді ол.