Ким Кардашян мен Канье Уэст ат құйрығын үзісе ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьянның, жары Канье Уэстпен қарым қатынасы құлдырай бастаған секілді. Рэпер Кимді фолловерлер қатарынан алып тастаған. Ким де өз кезегінде Каньені жазылушылар тізімінен өшірген. Және атышулы сәнбике желіге: «Ескі әдеттен арыла алмай қойдым...» деген екіұшті жазба қалдырған. Ал олардың жанкүйерлері болса, «Ким қайтадан есірткіге әуестеніп кеткен шығар» деп топшылауда.

Сталонненің экс-жары Бригитта Нильсен, Мадоннаның күйеуімен кек үшін төсектес болғанын айтып, Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген. Себебі поп-жұлдыз Бригаттаның ашуына жиі тиеді екен. Соңғы рет шаш жұлысып қалған олар, бірін бірі жамандап желіге астарлы жазбалар да қалдырады. Мадонна оны «Арзан шұлыққа» теңесе, Бригатта «Жеңіл бөтелке» деп кекеткен.

Джейми Фокс 2015 жылы Кети Холмс есімді актрисамен ажырасып кеткен соң, «жаңа роман бастауға дайын емеспін» деген болатын. Бірақ одан кейінде 51 жастағы актер бірнеше сылқыммен көңіл жарастырып көрген еді. Бақыты байланыса алмаған олардың сезімі ұзаққа созылмады. Енді Джейми 46 жастағы Кейт Бекинсейлмен жаңа махаббат хикаясын бастан кешіруде. Бұған дейін қарым қатынастарын жасырып келген олар, Нью-Йоркте өткен жұлдызды кешке қол ұстасып келді.