Жеңіс Ысқақова қай әріптесінің әні үшін тыңдарманнан ұялып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ағымға ілесіп, ілгерілегісі келетін әншілер жаңашылдықты жатырқамай, тың дүниені құп көреді. Мәселен, Жеңіс Ысқақова «көлікте көтеріңкі көңіл күйде отыру үшін драйвқа толы әндерді қосып қоямын» дейді. Бірақ өзі тыңдайтын әуен үшін ұялып қалатын кездері де аз емес екен.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

– “91”-ді тыңдаймын. Ұнайды маған музыкасы. Бірақ, кей кезде ұятты сөздер айтады енді. Сол кезде өзім ұялып қаламын.

Жас та болса, ретро әндерге құмартатын әншілердің қатарында Дана Кентай бар екен. Дананың жүрегіне көбінесе лирикалық және мағыналы өлеңдер жақын болып шықты. «Әншілердің ішінде ерекше ұнайтыны Дұғалова» дейді ол.

Дана Кентай, әнші:

Студент кездерімізде маған Жанар Дуғалова қатты ұнайтын. Қазір енді ол кісі көрінбей кетті. Бірақ, қатты алғашқы әнінен бастап маған ұнай бастады.

Жанарды іздеп жүргендердің ішінде Жігер Ауыпбаев та бар екен. «Шығармашылық үзілісте ұзақ отырып қалды» деген Жігер, «Жанардың жарыққа жаңа ән шығаратын уақыты келді» дейді.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

-Жанардың әндері болатын. Бірақ соңғы кездері ән шығармай кетті да, Жанардың әндерін, бұрынғы ескі әндерін тыңдап-тыңдап өшіріп тастадым. Сондықтан Жанар жаңа ән шығарсай.

Әріптесің әніңді тыңдап, әдемі баға берсе бақыт. Бірақ бәсекелестік белең алып тұрған заманда шынайы пікір есту су астынан асыл тас алып шыққанмен пара пар.