Ким Кардашьянның жеке стилистінің жұлдызы жанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдыздары дәстүрлі түрде өтетін «American Influencer Awards» шарасына жиналды. Жыл сайын сән саласының өкілдерінің басын қосатын аталмыш кеш, дизайнерлердің арасында кіл мықтыларды анықтайды.

Лос-Анджелес төрінде төселген қызыл кілемнің басты мейманы – Ким Кардашьян. Атышулы сәнбике өзінің жеке стилисті Марио Дедивановичті қолдауға қелген-ді. «Dior» брендінің қызыл түсті көйлегімен жарқыраған сылқымның сәнгері бұл марапатта – «үздік визажист» атанды.

Ким Кардашьян, сәнбике:

-Марио мұндай жетістікке лайықты жан. Қандай жағдай болса да, өзінің кәсібилігін жоғалтқан емес.

Марио Дедиванович, визажист:

-Мен бала кезімнен жұлдыздарды сәндеуді армандадым. Киммен жұмыс істегелі бері, арманым 100 пайыз орындалды десем артық болмас. Маған сенім артқаныңа рахмет Ким!

Канье Уэсттің асыл жары Марио Дедивановичке жүлдесін өз қолымен тапсырды. Ұзақ жылдар бойы Кардашьянмен жұмыс істеп келген стилисті өткен жылы да дәл осы номинация бойынша топ жарған еді.

Ал, 2019-шы жылдың «үздік hair stilist» Токио Стайлзға бұйырды. Сән саласының өкілі әлемге әйгілі жұлдыздардың шаш үлгісін жасаумен танымал.