Камила Морроне хейтерлердің шабуылынан шаршады.

Сообщить о проблеме с эфиром

22 жастағы Аргентиналық сәнбике: «Леонардо ДиКаприоның ғашығы болғанымнан, болмағаным жақсы ма деп қаламын кейде» деп сұқбат берген. Себебі Камилаға балағат сөздер жазып жүйкесіне тиетін жанкүйерлер жетерлік. Әсіресе оған «Ди Каприоның атағын пайдаланып, атыңды шығарып жүрсің» деп жала жабатындар көп екен. Бәрінен шаршаған ол бүгінде жүйкесін емдеу үшін жеке клиникалардың бірінде ем алып жатыр.

«Оne direction»-ның экс-солисті Лиам Пейннің басы тағы дауға ілікті. Желіге сүйіктісінің суретін жүктеген әншіге негативті пікірлер легі толастамай тұр. Өйткені Лиамның жаңа ғашығыны кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары, оны балағаттап, тіпті «педофилге» теңеуде. Лиамның жаңа ғашағы Майя Генри есімді сәнбике.

«Victoria’s Secret»-тің періштесі тұрмысқа шықты! Танымал Америкалық сәнбике Дэвон Виндзор өзінің бала күнгі ғашығы, Кубалық кәсіпкер Джонни Декс Барбарамен некесін қидырды. Салтанатты шара Кариб аралындағы Сент-Бартс жағалауында өткен. Өз тойында жартылай жалаңаш шыққан Девон, той көйлегін 300 мың АҚШ долларына тіктірген.