«Оскар» мәртебелі марапатының екі дүркін иегері Том Хэнкс көрерменін тағы да таңқалдыруға құлықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Майталман киногер, жанкүйерлерін жинап су жаңа «A Beautiful Day in the Neighborhood» фильмінің тұсауын кесті.

Бұл кешке, түсірілім командасы толықтай қатысты. Мэттью Риз, Сьюзан Келечи Уотсон мен Крис Купер келген қонақтардың басты назарында. Том Хэнкс болса, қызыл кілемде асыл жары Рита Уилсонмен бірге төбе көрсетті.

Том Хэнкс, актер:

Лентада бар өмірін телевизияға арнаған адамның өмірі көрсетіледі. Яғни, жасы келген тележүргізуші мен жас жігіттің қарым-қатынасы, олардың көзқарастарының әртүрлігі сюжетке негіз болды.

Тұсауы жаңадан кесілген лентада бас кейіпкер - Фред Роджсер есімді тележүргізуші. Күндердің бір күнінінде, Том Джунод есімді журналист одан сұхбат алмақ болады. Таныстық барысында жас репортер мен майталман маман достасып кетеді.

Мэттью Риз, актер:

Фильм қарапайым болып көрінгенімен, туындының өз айтары бар. Меніңше лента, аз да болса көзқарасымызды өзгертіп, басқаша ойлауға көмектеседі.

Еске салсақ, аталмыш лента алғаш рет Торонто кинофестивалі аясында көрсетілген еді. Кейіннен картинаға киносыншылар қауымы оң бағасын беріп, ерек сценарий үшін де алғыс білдірген болатын. Фильм ақпанның 6-нан бастап көрерменге жол тартпақ!