Жиырма жылдық тарихы бар «Entertainment Weekly» журналы соңғы 10 жылдағы ең үздік саундтректерді атады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Беделді басылымның пайымынша, аталмыш рейтингтің көшін бастауға Брэдли Купер мен Леди Гаганың орындауындағы «Shallow» трегі лайық.

Әсем әуеннің танымалдылығы «Жұлдыз дүниеге келді» картинасынан асып түспесе, кем түспегені анық! Тіпті туынды «Үздік саундтрек» ретінде «Оскар» марапатын да еншілеген еді.

Ал, екінші орынға «Мұзды өлке» мультфильміндегі актриса Идина Мензельдің орындауындағы «Let It Go» әні жайғасқан.

Үздік үштікті «Ұлы шоумен» лентасындағы Лорен Оллред шырқаған Never Enough трегі тұйықтайды.

Pharrell Williams-тың «Happy» трегін тыңдамаған адам кемде-кем! Тіпті, ол «Гадкий я 2» мультфильмінің саундтрегі екенін бірі білсе, бірі біле қоймас. Сондықтан да, бұл әуен сөзсіз сәтті саундтректер қатарында.

«Weekly» ұсынған рейтингтен Лана Дель Рейдің «Young and Beautiful»-ын да кездестіре аласыз. Әсерлі әсем әуен «Ұлы Гетсби» фильмінде шырқалған еді.