Отандық өнерпаздар «Junior Eurovision»-да екінші орынды иемденген Ержан Максимды құттықтауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Junior Eurovision-2019» байқауының күміс иегері атанған Ержан Максимды отандастарымыз жаппай құттықтауда! Жас өнерпаз қазылардың берген бағасы бойынша бірінші орынды алса, онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 212 ұпаймен мәртебелі сайыста екінші атанды.

Ал, байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған польшалық өнерпаз жеңіп алды. Ержан Максим әуел бастан дәл осы Виктория Габорды өзіне бәсекелес санаған болатын.

Еске салсақ, Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербиялық қазылар алқасының өкілдері ең көп 12 ұпайын Қазақстанға берген еді.

Толқын Забирова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Әрине мен оған өте қатты қуанамын. Ең бастысы Алла тағала бізді осы дарынды балалардан айырмаса екен деймін. Әрине шет жаққа шығып, еліміздің атын, еліміздің көөк байрағын желбіретсе біз оған тек қана қуанамыз.

Ержанның талантына тәнті болғандар арасында Алуа Қонарова да бар. Кәсіби продюсер ең бастысы бұдан-былай жас әнші дұрыс бағдар таңдаса болды деп отыр.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Ержан осы жерден тоқтап қалмай, өзін ары қарай дамытады деп үміттенемін. Себебі, көптеген әнші бір жеңіске жеткен соң, өнерін шыңдуды қояды. Ал, Ержан өте дарынды, потенуиалы жоғары жігіт. Сондықтан ол дұрыс жұмыс істеп, әлемдік кеңістікке танылады деп үміттенемін.

Ал, Ержан Максимнің жерлесі Арман Дүйсенов сәтін салса өнерпазды әуежайдан күтіп алмақ ниетте. Композитор әншінің жарқын болашағына бек сенімді.

Арман Дүйсенов, композитор:

-Барлығы ойдағыдай болады. Себебі, бала жаман емес. Мен ең бастысы неден қорқам, еркек баланың дауысындағы мутациядан қорқам бітті. Табиғи құбылыстар ол. 2.02 Сондайлар болып кетпей, аман-есен өтсе деп тілеймін.