46 жылдық тарихы бар «Аmerican Music Awards» мәртебелі музыкалы марапаты жұлдыздарды Лос-Анджелеске жинады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Салтанатты кеш, әдеттегі дәстүрінен таймастан қызыл кілем қызықтарынан басталды. Шон Мендес, Кристина Агилера, Селена Гомез бастаған өнерпаздар арнаулы жолақтан табылды.

Паппарацци алдына сүйіктілерімен төбе көрсеткен жұлдыздар да көп болды. Мәселен, Билли Айлиштың ағасы Финнеас ғашығы Клаудиямен келсе, Дуа Липа көпшілік алдында Анвар Хадидке деген сезімін білдіруден еш қымсынбады.

Ал, айтулы кештің жарық жұлдызы Тейлор Свифт. Әнші 5 бірдей марапатты иемденіп, Майкл Джексонның рекордын жаңғыртты. Жүлделер арасында «он жылдықтағы ең үздік әртіс» аталымы да бар.

Taylor Swift, әнші:

-Шынымен-ақ, айтарға сөзім жоқ. Бірақ белгілісі, бұл жыл мен үшін ерекше болды. Оның менің орынмда алар оны зор. Сондай-ақ 15 жыл бойы менімен бірге келе жатқан фанаттарыма рахмет.

Бұл кеште Билли Айлишке де сахнаға шығуға тура келді. Ерек стильді өнерпаз «жылдың жаңа әртісі» номаинациясына лайық деп танылған.

Billie Eilish, әнші:

-Мұндай сәттерде өзіңді қолға алу тіптен қиын. Бірақ тырысып көрейін. Ең әуелі Аmerican Music Awards-қа рахмет, күллі командама рахмет, жанкүйерлеріме рахмет.

Камила Кабейо мен Шон Мендестің махаббат хикаясы да, көпшілік үшін жаңалық болғаны жасырын емес! Өнер арқылы жүрек табыстырған қос ғашық «Señorita» трегімен «жыл каллобарациясы» жүлдесін еншіледі.

Ал, Пост Малоунның «Hollywood’s Bleeding» жинағы «жыл альбомы» атанды!

Post Malone, әнші:

-Көп, көп, көп, көп рахмет! Халық алдында сөйлеуден шебер емеспін. Бар айтарым мені жақсы көріп, қолдаған жандарға рахмет.

Музыка мерекесінде k-pop-та назардан тыс қалмады! Корейлік BTS тобы «үздік ұжым», «әлеуметтік әртіес», «үздік турне» сынды бірнеше жүлдені еншілеген еді. Өкінішке қарай, жігіттер бұл кешке келе алмады.

«BTS» тобы:

-Сіздермен бірге BTS! Көп рахмет, біз өте қуаныштымыз. Біздің ұжымның 6 жарым жылдық тарихы бар. Сол уақытты қолдау көрсеткен АРМИ-ге рахмет. Көп ұзамай сіздермен қайта қауышамыз деп үміттенеміз!

Қысқасы, бұл шарадан құр алақан қайтқан өнерпаздар некен-саяқ! Көңілді кеш әртістердің ерек перфомансымен өз жалғасын тапты.