Әпкелі – сіңлілі Кардашьяндар әулетінің татулығы қашанда мызғымастай болып көрінетін.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірақ бұл отбасыға сөз бен көз өткен секілді. Бәріне себеп әулеттің кенжесі Кайли Дженнер құны 600 миллион долларға өзінің косметикаларын сатып, опа-далап нарығында рекордтық көрсеткішті жаңартты. Бұған дейін Ким мен Хлоя да өздерінің әтірлері мен киімдер топтамасын шығарған еді. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. Желіде де, өмірде де жеңісімен құттықтамаған әпкелеріне Кайлидің көңілі баяғыдай секілді. Ол ешқандай өкпеге толы пост жазбаған.

Джастин Тимберлейк пен Джессика Биллдың отау тіккендеріне биыл 7 жылдың жүзі болды. Бірақ жұлдызды жұптың жанкүйерлері олардың жанұяларында бәрі жақсы дегенге күмәнмен қарайды. Өйткені кеше ғана желі беттеріне Джастиннің актриса Алиша Вейнрайтпен қол ұстасып отырған видеосы тарап кетті. Бейнежазба Жаңа Орлеанда жазылған. Бұған қатысты қос жұлдыз да әлі ешқандай түсінік бермеді.

Мэттью МакКонахидың шығармашылық жолы, басталмай жатып түгесілуге шақ қалған екен. Өйткені түсірілім алаңында актердың жолын кес-кестей бастағандар болыпты. Адам емес, кәнігі улы жылан. 1980-шы жылы Аустралияда киноға түсіп жатқан жерінен, жыланға жем бола жаздаған Мэттью, өзінің шапшаңдығының арқасында аман қалған. Ол ирелеңдеп келе жатқан жорғалаушыны жейдесімен жауып, аулаққа лақтырып жіберген. Актер бұл жайлы Батыстық БАҚ – қа берген сұқбатында айтқан.