Әнші Кәрімов концерт қарсаңында неліктен пластикалық ота жасатты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлішер Кәрімов өзінің сахнада 15 жыл жүргеніне орай, күллі тыңдарманын жеке кешіне жинады. Концертке санаулы сәттер қалса да, әншінің жүзінен қобалжу әсте байқалмайды. Өнерпазды тек сырт келбеті көбірек алаңатқандай.

Көп ұзамай, көптен күткен кеш те басталды.

Әлішер Кәрімов, әнші:

-Міне отыр қонақ Латвиядан келген, Кубадан келген қонақ бар. Және де біздің ерке қызымыз Мақпал апай қатысады. Үш қонақ, қалғанын өзім алып шығамын, өзім де жүргізуші, өзім де әнші, күйші, биші...

Осылайша, Кәрімов өзге әншілер сынды әріптестерін жеке кешіне шақырып әуре болмаған. Есесіне, сән қуған сері концертінде әрқайсысы бірнеше миллион тұратын образдарда төбе көрсетті.

Әлішер Кәрімов, әнші:

-Әне ілініп тұр, киімдерімнің барлығы Дольче Габбанадан. Үш лук дейміз ғой, үш выходқа. Иә, неден аяқкиімнен бастап бабочкаға дейін. Иә барлығы Дольче Габана. Бір жарқырайыншы, он бес жыл сахнада жүргеніме өмірімде бір-ақ рет болады.

Айтпашқы, Әлішердің жағымды жаңалықтары да жетерлік. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі бұдан-былай блогерлік қырынан танылмақ. Әнші енді өзінің youtube арнасын дамытпақ ниетте.

Әлішер Кәрімов, әнші:

-«Ты» деген ән, бейнебаяным шықты.Оны тек Ютуб каналыма салдық. Қаралымдар өсіп жатыр. Бұл да менің шешімім, өйткені мен өз каналдымды дамыту керекпін. Қазір басқа ойлар бар, оны айта алмаймын. Өйткені сыр болсын, күтсін халық. Бірақ жақсы бір дүниелерді дайындап жатырмыз.

Кәрімов жеке кеші қарсаңында омыртқасы мен қабағына ота жасатқанын айтып, тыңдарманын таңқалқан еді. «Біріншісі – денсаулық үшін міндетті болса, екіншісі жас көрінудің амалы» - дейді ол.

Әлішер Кәрімов, әнші:

-Ол да Корей елінде, себебі оларға қарап шабыттанып. Оларға блеферопластика жасау тіпті біздің маникюр жасаған сияқты. Сондықтан, көрейінші қалай болады деп. Сондықтан міне 10 жас жасарып отыр Әлішер Каримов. Ұнады, өзімді айнаға қарасам 10 жыл болған бет әлпетімді көремін да.

Қысқасы, Әлішер бүгінгі келбетіне дән риза. Қажет болса, болашақта тағы да ота жасатып қалуы әбден мүмкін.