Ченнинг Татум экс-жұбайымен соттасып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ченнинг Татум мен Джена Дьюанның отауы тоғыз жылдан кейін, ортасына түскен еді. Қос жұп достық қарым қатынасты сақтап қалмаққа ниетті емес екендерін бірден байқатты. Тіптен бүгінде 6 жастағы Эверли үшін соттасып әлек. Ченнинг: «-Қызым менімен және Дженамен теңдей уақыт өткізсін» деп талап қойған.

Скарлетт Йоханссон Вуди Алленді қолдайтынын ашық білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 83 жастағы режиссер асыранды қызы Дилан Фэрроуды бала кезінде зорлады» деп айыпталған еді. Осыдан кейін Вудидан көптеген әріптестері теріс айналып кеткен болатын. Бірақ бұған Скарлеттің сенгісі жоқ. Себебі актриса Алленнің бірнеше фильмдерінде басты рөлді сомдаған еді. Йоханссон: «Мен түсірілім барысында Вудидың қандай жайдары адам екеніне көзім жетті. Енді шындықтың беті ашылады деп үміттенемін» деп сұқбат берген.

Блейк Лайвли түсірілім алаңында жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Бүгінде Блейктың жағдайы бірқалыпты. Ал фильмнің түсірілімі тоқтап тұр. Өйткені дәрігерлер актрисаның сынған қолына ота жасауы мүмкін екен. Енді «Ритм-Секция» кинокартинасының режиссерлары басқа актриса іздестіруде. Бұл жайлы Блейк өз инстаграм парақшасында бөліскен.