Селена Гомес, Джастин Биберге әлі күнге дейін неге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана Селена экс-бойфренді Джастин Биберге арнып, «Lose You to Love Me» трегін жарыққа шығарған еді. Өкпесі қара қазандай болған сылқым, туындыда бұрынғы ғашығы өзін Хейлиге алмастырғанын тұспалмен жеткізгенді. Алайда, Гомездің бұл қылығы Бибердің әйеліне жақпаса керек. Әйгілі сәнбике, ән жарыққа шыға салып инстаграмға «I’ll kill you» яғни «Мен сені өлтіремін» деген әнді жүктеген болатын.

Алайда, Хейлидің ашуын Джастин Бибер «10.000 Hours» әнімен басқандай. Dan + Shay -мен қосыла айтқан тректе ол «ғашығыма 10 000 сағат арнасам да, аз» деп шырқайды.

Бірақ бұл сөздер Селенаның көңілін түсірмеді! Жаңа өмірге қадам басқан Гомес «Look At Her Now» туындысын жарыққа шығарып, трек мәтіні арқылы қазір бақытты екінін білдіргенді.

Осылайша, Джастин мен Хэйли Бибер және Селенаның жырына нүкте қойылғандай еді. Алайда, бұл үштіктің тыныштығын The Weeknd бұзбақ. Сері, өзінің экс-ғашығы Гомезге арнап «Like Selena» яғни, «Селена сияқты» атты әнін әзірлеп жатқаны белгілі болды. Тіпті, ол тректі «ASCAP» орындаушылар құқығын қорғау ұйымына тіркеп үлгергенді. Қысқасы, экс-ғашықтар арасындағы қызықтар әлі аяқталмайтын сыңайлы!