«Ninety one» тобы көптен күткен «Lie» трегін Назимасыз тыңдарманға ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety one» тобының көпткен күткен «Lie» туындысы тыңдарманға ұсынылды! Еске салсақ, әйгілі ұжым бұл әнді ең алғаш Назимамен бірге орындаған еді. Алайда, жігіттер тректі Блэкстарлық сылқымсыз орындауды жөн көріпті. Неліктен? Ерболат Беделханның Тиматимен тіл табыса алмағаны рас па?

«Ninety one»-ның «Lie» атты трегінің тұсауы былтыр кесілген еді. Кью-поп ұжым ең алғаш туындыны ауқымды кештердің бірінде, Назимамен бірге орындап көпті таңқалдырған. Ерболат Беделханның айтуынша, «Black Star»-лық әншімен коллаборация орнатуға топтың өзі ұсыныс білдірген.

Ерболат Беделхан, продюсер:

- Назима алғашқы рет былтыр Шымкентте сол «91» тобымен бірге, сахнаға шыққан кезінде ұсыныс болды, ой болды, балалар музыканттар бір-біріне жақсы көзқараспен қарады, жұмыс істесек пе деген ұсыныс болды.

Алайда, шықпай жатып хитке айналған әнді күні кеше «91» тобы Назиманың қатысуынсыз ұсынды. Бұған Juz Entertainment-тің «Black Star» лейблымен ортақ келісімге келе алмауы себеп болса керек.

Ерболат Беделхан, продюсер:

- Біздің компания сол «Black Star» екеуі, біраз келісімді жүргіздік. Көбінесе жаңағы кішкене созылған себебі тіл мәселесімен болды. Сол біз қазақ тілінде, тек қана айтамыз дегендіктен, сол біраз көптеген мәселелер болды.

Тыңдарманын әсем әнімен қуантқан жалғыз «Ninety one» емес! Мәселен Димаш Құдайбергеннің «Across Endless Dimensions» атты трегіне су жаңа бейнебаяны жарық көрді. Туынды жауырда жарық көретін италиялық «Creators The Past» фильмнің саунтрегі болып саналады.

«Renzo» тобы болса, «сахнадан кеткеніміз дауыл алдындағы тыныштық болды», - дейді. Ұжым ұзақ үзілістен кейін, тыңдарманына тұтастай бір альбом ұсынбақ! Әзірге жігіттер үнтаспаның алғашқы трегінің тұсауын кесті. «На мало» атауына ие болған бұл туынды жігіттердің орыс тіліндегі екінші әні.