«Маска» жобасының жеңімпазы Анатолий Цойдың басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анатолий Цой «Маска» шоуының жеңімпазы атанғалы, танылмалдылығы әп-сәтте арта түсті. Тіпті, Филипп Киркоров отандасымызды Ресейдің атынан Евровидение байқауына қатысуға лайық деп санайды. Бұған қатысты Анатолийдің өзі не дейді?

Алла Пугачеваның хит әнін орындаған Анатолий Цой Филипп Киркоровтың сүйікті әншісіне айналды! Тіпті поп-королі Андрей Малаховқа берген сұқбатында биылғы жылы «Евровидениеге кіммен баратынымды білемін», - деп, «Маска» шоуындағы фаворитін білдіргендей болды.

Еске салсақ, биыл «Евровидениеге» Ресейдің атынан «Little Big» тобы аттануы тиіс еді. Сондықтан, бүгінде рейв-ұжымның жанкүйерлері желіде TSOY-ға жағымсыз жазбаларын жаудыруда.

Анатолий үшін танымалдылығының кері тұсы бұл ғана емес! Әнші «Маска» жобасы аясында Палинаның Алла Пугачеваның «Позови меня с собой» әніне жасаған каверін орындаған еді. Кейіннен сылқым төлқұжатыма айналған туындыға жиендік жасады деп, Цойды айыптаған да еді.

Отандасымыз өз кезегінде мұндай алып-қашпа әңгіме мен негізсіз айыптауларға құлақ аспақ емес! Анатолий мұның барлығын тек танымалдылықтың әсері деп қабылдайды.

Анатолий Цой, әнші:

- Мен үшін бұл жаңа мүмкіндік. Жеке Цой жобасы ретінде қалыптасуыма, танылуыма септігі тиді. Көпшілік соло әнші ретінде кеңінен таныды десем де болады.

Десе де, Анатолий аталмыш жобада жеңіске жететініне сенімді болмаған екен. «Лариса Долина сынды халық әртісімен бақ сынасудың өзі мен үшін үлкен жеңіс», -дейді ол.

Анатолий Цой, әнші:

– Соңғы сәтке дейін жеңіске жететініме сенгенім жоқ. Қатты таңқалдым. Өйткені қарсыластарым мықты болды. Финалдың мұндай боларын күтпедім.

Ал, Цойдың финал күні қобалжуына себеп – ақтық сынға дайындаған әні болатын. Анатолий шешуші сәтте Батырхан Шүкеновтың репертуарындағы «Нелюбимая» әнін орындауды міндет санапты.

Анатолий Цой, әнші:

– Финалда айтатын ән мен үшін маңызды болды. Сондықтан, Батырхан Шүкеновтің туындысын таңдап, оны туған жеріме, барша қазақстандықтарға арнадым. Осылайша, ән авторына, Қазақстанға құрметімді көрсеткім келді.