Джиджи Хадид ел көкейінде жүрген сауалға жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиджи Хадид көптен бері ел көкейінде жүрген сауалға жауап берді! Сәнбикеге «Тhe Tonight Show» бағдарламасында Джимми Фэллон жүктілігі қалай өтіп жатқанын тікелей сұрайды. Джиджи жауаптан жалтармастан бәрін ашық айтты. «Негізі халыққа басқаша жариялағымыз келген. Бұл ерекше сезім. Зейннің бір бөлшегін құрсағымда көтеріп жүрмін, ойлаңызшы. Жылауық болып алыппын. Бақыттымыз», - деді Хадид.

Бұл жолы бәрі нақты! Оксана Самойлова жары Джиганмен ажырасатыны жөнінде, наурыз айының соңында хабарлаған болатын. Бірақ рэпер бұған соңына дейін сенбей, балаларының анасынан әртүрлі жолмен кешірім сұрап келген еді. Дегенмен Дениске әндері де, гүлдері де, сөздері де көмектеспегендей. Өйткені 20 сәуір күні Самойлова тарапынан, АХАЖ бөліміне ажырасу жөнінде арыз түскен. Енді осыған және мүлікті бөліп алуға байланысты сот отырысы өтеді екен.

Күні кеше Регина Тодоренко тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған аруларға арнап өзінің фильмін көрермен назарына ұсынды. Бұл туындының жарыққа шығуына тележүргізушінің аңдамай сөйлеуі, бір күнде барлық титулдары мен келісімшарттарынан көз жазып қалуы себеп. Регинаның айтуынша, сол сұқбаттан кейін көптеген әйел көмек сұрап жазған және әр хатты жіті оқып шыққан ол, проблеманың неден туындайтынын нақты зерттеп осы киноны түсіріпті. Бір сағаттық лентаны 1 күнде 2,5 миллионнан аса адам көріп үлгерген.