Төтенше жағдайдан шыққан танымалдар шығармашылығын қолға алуда.

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин тек жас түлектердің ғана емес, Анар Батырханның да жоспарын күл-талқан етті. Сондықтан актриса, төтенше жағдай тоқтаған бойда, бірден түсірілім жұмыстарына кірісті. Дегенмен, Анар тек шығармашылықпен шектеліп қалмай, жеке өмірін де қолға алмақ

Екі айдан астам уақыт үйде отырған Анар Батырхан, төтенше жағдай аяқталуын тағатсыздана тосқанын жасырмайды. Карантин тәртібі жеңілдете сала, актриса шабыт іздеп тауға аттанған.

Анар Батырхан, әнші, актриса:

- Тау жаққа қарай бардым, мен өте қатты табиғатты жақсы көретін адаммын. Таудан кәдімгідей күш аламын. Тауға барып қыдырдым.

Алайда актриса бұл серуенге жалғыз болмады. Шоу-бизнестің оң жақта отырған сылқымы, сүйіктісін кездестіргенін айтып ағынан жарылды. Көпке тұсау болған карантин, Анарға керісінше, оң әсер еткен көрінеді.

Анар Батырхан, әнші, актриса:

- Иә, басым бос емес қазіргі уақытта. Қазіргі уақытта емес, мүлдем бос емес. Өзімнің адамымды кездестірген сияқтымын. Біз таныстарымыз арқылы яғни құрбым арқылы таныстық.

«Махаббат сезімі шалқар шабыт сыйлап жатыр» деген актриса, жанкүйерлеріне тың дүние дайындап жатқанға ұқсайды.

Анар Батырхан, актриса:

- Өзімнің жеке клипіме ойлар келіп жатыр, енді карантиннің толық біткенін күтіп жатырмын. Өзім сценарий жазып, жаңа бір идеяларды ойластырып жатырмын.

Алайда, Анардың өміріндегі өзгеріс, тек бұл ғана емес.

Анар Батырхан, әнші, актриса:

- Негізі бәріміз толып жатырмыз. Бірақ мен қазір дұрыс тамақтану жолына түстім. Үш күн болды. Енді примерно бір апта болды. Екі кг тастадым. Бірақ мен арық болғым келмейді.

Ендеше «мені жанкүйерлерім де, жігітім де дәл осы қалпымда жақсы көреді»,- деп қалжыңдаған актрисадан жағымды жаңалық күтеміз.