«Голос Украинаға» қатыссам да нәтиже жоқ! Индира Еділбаева отандық продюсерлерден ұсыныс түспей жатқанын айтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Голос Украины» шоуының финалисі атансам да, отандық продюсерлер қызығушылық танытпады! Бұл күні кеше аталмыш әнсайыста бағын сынаған Индира Еділбаеваның мәлімдемесі. Әнші енді шығармашылығын шыңдау үшін шетелге кетпек пе? Өнер иесінің жоспары қандай?

 

«Голос Украина» жобасынан кейін Индира Еділбаеваның өмірі күрт өзгергені рас. Бүгінде әншінің танымалдылығы артып, аудиториясы кеңейген. Десе де Инди: «шетелді бағындырсам да, отандық продюсерлер қызығушылық танытпады», - деп отыр.

Индира Еділбаева, әнші:

– Отандық продюсерлерден ұсыныс әлі түскен жоқ. Қазіргі таңда жеке әнші ретінде жүргенімді көбісі біледі деп ойлаймын. Мүмкін содан шығар. Өзім продюсер іздеп жүрген жоқпын.

Еске салсақ, сахнада 5 жылдан астам жүрген Инди, кезінде Ерлан Алимовтың қоластында жұмыс істеген еді. Қос тарап 2 жыл жұміс істеп, кейін белгісіз себептерге байланысты келісім шартты бұзған болатын.

Шығармашылығымды өзім-ақ шыңдаймын деген Инди, «Голос Украина» жобасынан кейін тоқтап қалмақ емес. Әнші болашақта өзге музыкалық байқауларда бағын сынап көрмек.

Индира Еділбаева, әнші:

– Егер, «Голос Украина» шоуынан ауқымдырақ жоба болса, қатысуға қарсы емеспін. Себебі, «Голос Украина» мен үшін тәжірбие сыйлаған мықты вокалдық конкурс болды.

Ал карантин біте сала, Индира Украинаға аттанбақ ойда. Еділбева енді шетелдік әріптестерімен дуэт жазуға ниетті.

Индира Еділбаева, әнші:

- Киев қаласына аттанып, сол жақтың музыканттарымен бірге жұмыс істеу жоспарда бар. Себебі олардың көзқарасы, талғамы жоғары. Өзіме де қызық, жаңашылдықты байқап көргім келеді.

Осылайша, жеке шығармашылығына шыңдап кіріскен Инди көп ұзамай авторлық трегін жарыққа шығаруды жоспарлап қойған.