Алуа Қонарова «карантиннен кейінгі шоу-бизнестің болашағы бұлыңғыр» дей ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин – шоу-бизнесті өлтіріп тастады ма? Бір тойдан миллиондарды қалтаға басып кететін әртістердің қазіргі хәлі қалай? Көптің көкейінде жүрген бұл сұрақтарға жауап берген Алуа Қонарова «өнерді бірден өлді деуге болмайды» деп дөп басып айтты.

Алуа Қонарова, продюсер:

– Карантиннен кейінгі шоу-бизнесті не күтіп тұрғанын д айта алмаймын. Қазақтар қашанда той жасайтыны белгілі. Сондықтан, әзірге өлмейді деп ойлаймын.

Азулы продюсердің айтқанымен Айри де келіседі екен. Жас әнші әлі-ақ бәрінің қалыпқа келетініне сенімді. «Бастысы шығармашылық тоқырауға ұшырап, тұралап қалмасақ болғаны» дейді ол.

AYREE, әнші:

- Әрине, өзгеріп жатыр ғой бәрі, енді бәрі жақсы болсыншы бәрібір де. Енді әрбір әртіс адал еңбегімен жақсы әндерді шығарып, сапалы бейнебаяндарды түсіріп, халыққа жұмыс жасаса барлығы жақсы болады.

Ал кино саласында елеулі жетістіктерге жетіп жүрген Мейіржан Түребаев «карантин тек кәдеме асты» деп отыр. Ол екі ай уақытты текке өткізбестен, жаңа жобаның сценарийіне кірісіп кеткен.

Мейіржан Төребаев, блогер:

– Негізі карантин шоу-бизнеске вообще лайық болды. Бізге жақсы мысалы пауза керек шоу-бизнеске. Творческий, шығармашылыққа пауза керек. Мысалы шабыт келеді, сол кезде бір-екі ай шабытқа вообще күшті біз сценарий жаздық екі ай отырмай. Жәй күтпей бір проекттерді. Екі сценарий жазып тастадық. Тағы бір проекттерді жазып тастадық.

Кейбір әртістер карантиннің кесірлі болғанын іштей мойындаса, енді бірі «бөрі арығын білдірмейді» дегендей түр бергісі жоқ.