Лободаның жаңа бейнебаяны жұрт көңілін босатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лободаның жаңа бейнебаяны жұрт көңілін босатты. «Мой» атты әннің клипі оның жеке мұрағаттағы видеоларынан жинақталған. 5 минутқа жуық уақыттың ішінде бүкіл өмірі көрерменнің көз алдынан көлбеңдейді. Концерттер, гострольдік сапарлар, екінші жүктілігі, отбасылық отырыстары мен қиналған сәттері... Бәрі бүкпесіз көрсетілген.

Криштиану Роналдудың қалыңдығы – Джорджина Родригес «Women's Health» журналының бас мұқабасына шықты. Португалиялық басылым Джорджинамен спорттық іш киімде фотосессия жасаған. Редакция бұнымен «үйқамақта да мүсінді мінсіз ұстауға болады» деп айтқысы келген екен. Сұқбатта аяқдопшының сүйіктісі үйде босқа отырмағанын, әр сағатын спортқа арнағанын айтқан.

Ким Кардашьянның сыр-сымбатының айналасындағы пікір-талас, қанша уақыттан бері бітпей келеді. Бірі «бәрі хирургиялық сұлулық» десе, енді бірі «тынымсыз еңбектің арқасындағы мінсіз мүсін» деп қарсы жауап айтады. Кимнің өзі бұл сұрақтарға нүкте қойды. «Мен таңғы жетіден бастап жаттығуға кірісемін. 100 рет отырып тұрамын. Осылай күніне төрт мезгіл қайталаймын. Сонда да ота дейсіздер ме?», - деді ол.