Шоу-бизнестің студенттері онлайн сессия тапсырып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин кесірінен шоу-бизнестің студенттері де емтиханды онлайн өткізуге мәжбүр. Әдетте әнсапарды сылтау ететін жұлдыздар бүгінде кітаптан бас ала алмай отыр. Ал Нұр-сұлтан қаласына жолға шыққан экс-Кешьюлік Назым Әбілдина, сессиясын ұшақта отырып тапсырды!

Карантиннің арқасында техниканы жетік меңгерген Назым Әбілдина сессиясын онлайн тапсырған сәтімен бөліскен болатын. Экс-Кешьюлік бикеш сабағына қатысты түрлі тапсырмалар мен презентацияларды компьютермен емес, қолдағы гаджетпен істеу әлдеқайда жеңіл дейді.

Ал, карантин жеңілдетіліп, ата-әжесінің үйіне аттанған Назым, қалауын тапса тіпті ұшақта да емтихан тапсыруға болатынын көрсетті.

«Бұйра» тобының экс-солисі Азат Жұмаділ сессияның басталғанынан тіпті бейхабар болып шықты. Сөйтсек, әнші актерлық мамандығы бойынша сырттай бөлімде оқиды екен.

Азат Жұмаділ, әнші:

-Сырттай оқу болғандықтан тек қана экзамен кездерінде ғана баратынбыз, ал қазір мүлдем өздері де хабарласпайды, карантин болғаннан кейін ба.

Алем Бэнд-тік Нұрдәулет Карлов керісінше, биылғы онлайн режимдегі білімге көңілі толмаған сыңайлы. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бірінші курсында оқитын ол, алғашында қашықтан тапсырма орындауға қиналған. Десе де бұл әншіге оқуын үздік тәмәмдап, сынақтан сүрінбей өтуге кедергі болмаған.

Нұрдәулет Карлов, «Alem Band» тобының әншісі:

- Бізге шыны керек, мұғалімнің алдында былай экзаменді сезініп ән айтпағаннан кейін, экзаменді сезініп билемегеннен кейін, билет жаттап тест тапсырмағаннан кейін ол, кішкене «ааа» деп өтіп кете салған сияқты болды.