Эмбер Херд бұдан-былай Акваменнің сүйіктісі емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эмбер Херд бұдан-былай Акваменнің сүйіктісі емес! Warner Brothers компаниясы актрисаны аталмыш жобадан алып тастайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұған себеп – Эмбердің экс-жұбайы Джонни Деппке қатысты сот ісі. Тіпті, даулы оқиғадан кейін 300 мыңға жуық көрермен сылқымға қарсы петиция жазып, Хердтың кинодан түбегейлі кеткенін талап еткен.

Еске салсақ, бірер ай бұрын экс-ғашықтардың 2015-ші жылғы аудиожазбасы ғаламторда тарап кеткен еді. Онда, Эмбер Джониға ауыр зат лақтырып, кейде қол көтеріп, өз-өзін ұстай алмайтындығын айтқаны естіледі. Даулы дәйектерден кейін, жәбірленуші атанып келген Хердтың хейтерлері көбейе түсті. Себебі сылқым осы күнге дейін сүйіктісінен таяқ жегенін айтып, жалған сөйлеп, Джонни Деппті сотқа берген болатын. Жағымсыз жағдай актердың мансап жолының құлдырауына әкеп соқты.

Енді Джони Депптің басына туған күн, Эмберға да туып отыр! Warner Brothers компаниясынан кеткелі, Херд ханымға киногерлер арасында «сақтандыруға келмейтін» айдары тағылған. Бұл дегеніміз ауқымды студиялар актрисаны бұдан-былай жобаларына үміткер ретінде қарастырмайды. Еске салсақ, «Аквамен» лентасы Эмбер үшін негізгі табыс көзі болатын. Ал инсайдерлердің айтуынша, фильмде сылқымның орнына Эмилия Кларк төбе көрсетуі әбден мүмкін.