Нұрлан Сабуров бастаған өнер өкілдері түлектерді мектеп бітіумен құттықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Сабуров түлектерді мектеп бітірумен құттықтады! ТМД-ға танымал әзілкеш коронавирус кесірен қоштасу кеші салтанатты түрде өтпей қалған оқушыларды көңілдерін түсірмеуге шақырды. Ал жұлдызды түлектер болса, бұған қатысты не дейді?

Тарихта тұңғыш рет, еліміздің түлектері қоштасу кешінен бас тартуға мәжбүр! Оқушыларға оның орнына, аттестаттары кішігірім шарада табысталды. Ойдағыдай өтпеген салтанат, көбісінің көңілін түсіргені анық.

Алайда, «Жас түлек 2020» атанған кей жұлдыз бұл жағдайға байланысты еш қапаланбайды екен. Мәселен, «Mad Men» тобының мүшесі Ерасыл Әбдіралиев мектеп бітіру кешін тағатсыздана тоспадым деп отыр.

Young, «Mad Men» тобының әншісі:

- Бұған дейін маған осы выпускной күн деген өте бір маңызды күн деп көрінетін. Бірақ қазір қатты ол жайлы ойланып талдап үйтпеймін.

Мадмэндік Янг соңғы қоңырауға қатысты құлықсыздығын шығармашылығымен байланыстырады. Өмірін өнерімен ұштастырған q-pop өкілі үшін киелі сахна маңыздырақ.

Young, «Mad Men» тобының әншісі:

- Неге екенін өзім білмеймін. Мүмкін қызықтырмады ма, мүмкін ойым шығармашылықта болды ма, білмеймін.

Ал Айару Бақытбектің түлек атану үшін әлі 1 жылы бар. Баян Алагөзованың кенжесі шетелге оқуға түсуге дайындықты қазірден бастап кеткен.

Айару Бақытбек, блогер:

- Шынымды айтсам мен қазір тек 10-шы сыныпты бітірдім. Менің Қазақстанда бір жылым ғана қалды. Сәтін салса жоғарғы оқу орнына дайындықты бастаймын.

Есесіне, көңілі күпті түлектерді биыл шоу-бизнес өкілдерінің өзі құттықтады! Соның бірі –Нұрлан Сабуров игі тілегін онлайн түрде жаудырды.

Нұрлан Сабуров, әзілкеш:

– Осылай болғаны өкінішті әрине. Көптен күткен күн жоспардағыдай өтпегенін түсінемін. Бірақ бұл көңіл түсіруге себеп емес. Өйткені өмір әлі алда.

ТМД-ға танымал әзілкештің құттықтауына, оның әріптестері Азамат Мұсағалиев, Сангаджи Тарбаев пен Нұрлан Қоянбаев та қосылды.