Криштиану Роналду балаларының туған күнін ерекше атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес балаларының туған күнін ерекше, ертегідегідей атап өтті! Аяқдопшының өзі Алладинге айналса, үлкен ұлы – Халктың костюмын киген. Ал Джорджина мен қыздары ханшайымдарша жасанған. Үшке толған Ева мен Матео бұл күнді ұзақ күтіпті. Сондықтан да әйгілі отбасы, туған күнді әсерлі өткізуді жөн санаған. Бір қызығы жұлдызды жанұяның кішкентайы – Алана бұл өзінің меншікті мерекесі екен деп ойлап қалыпты. «Сыйлықтарым қайда?», - деп дау шығарған қыздарына Криш бәрін байыппен түсіндіріп берген.

Енді Дэвид Бекхэм – аспаз! Кезіндегі аяқдопшы кулинарлық шоуын ашпақ ниетте! Инстаграм желісінде өзі дайындаған тағамдарды жиі жариялайтын Дэвид жаңа бағдарламаның тізгінін ұстамақ. Ол онда ас әзірлеп, жұлдыздармен әңгіме өрбітеді. Бекхэм бұған қатысты: «негізі бұл қырымды ұштауға карантин жақсы әсер етті», - деп әзілмен жауап берген.

Рианна Атлант мұхиты маңында орналасқан өзінің жаңа вилласын көрсетті! Хэмптонс жағалауындағы зәулім сарайды әнші жаз мезгілінде 800 мың долларға жалға алыпты. «Егер осы үш ай ішінде бәрі көңілімнен шығар болса, онда күзге қарай бұл үйді сатып аламын», - дейді ол. Ғимараттың негізгі бағасы 18,5 миллион доллар екен.