Михаил Ефремов Мәскеудің қақ ортасында жол көлік апатын жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сегізінен, тоғызына қараған түні Мәскеудің негізгі көшелерінің бірінде ірі жол көлік апаты орын алды. Рөлде Ресейлік актер – Михаил Ефремов болған. Ефремовтың көлікті мас күйінде тізгіндегені рас па?

Михаил Ефремов Мәскеудегі ірі жол апатының себепкері атанды. Актер қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жеңіл ВАЗ автокөлігіне соқтығысқан. Оқиға орнында жасалған медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Ефремовтың мас екені анықталған.

Отандық шоу-бизнесте де «бұзақы» жұлдыздар жетерлік. Мәселен осыдан 6 жыл бұрын желіде Жадыра Құтпанованың рөлге мас күйінде отырған видеосы тарап кеткен еді. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің қолын тістеп, шалбарын жыртқан әншінің басы сол уақытта біраз дауға қалған болатын. Жадыра 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, айыппұл төлеп құтылған-ды.

Сол жағдай әсер етті ме кім білсін, Құтпанова құтты сахнасын біржолата тастап, тұрмысқа шығып кетті. Әнші бүгінде ешқандай әлеуметтік желіге тіркелмеген. «Әзірге өнерге оралуым неғайбыл», - дейді ол.

Жадыра Құтпанова, әнші:

- Жоқ, мен әлі ойлап жатырмын, мүмкін егер үшінші әлди тумасам, онда шығамын деп ойлаймын. Бірақ планда үшінші әлди туу бар. Көреміз оны уақыт көрсетеді. Бір Алланың өзі біледі ғой енді.

Ал Қайрат Түнтеков өзі жасаған жол апатының кесірінен оңайлықпен құтыла қоймады. 40 күн темір торға да отырып шықты, жәбірленуші тарап сотқа да сүйреді. Ірі көлемде айыппұл мен өтемақысын да төледі. Түнтеков, Құтпанова секілді сахнаны тастап кеткісі келді ме кім білсін, өнерден біраз уақыт тысқары қалды. Кейін әнге деген махаббаты, халықтың сағынышы Қайратты қайта шоу-бизнеске қосты. «Мен сахнаны сағындым» дейді ол.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы, сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын. Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты.

Жадыра мен Қайраттың оқиғасының соңы сәтті аяқталды. Бірі бір үйдің отанасы, енді бірі өнерді қайта бағындырмаққа ниетті. Ал Михаил Ефремов енді қалған ғұмырын түрмеде өткізуі мүмкін. Себебі актер соқтыққан көліктің жүргізушісі жансақтау бөлімінде көз жұмған...