Актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова енді режиссерлік тізгінді өз қолына алмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Экс-әнші, актриса әрі продюсер Әсел Садвакасова бұдан-былай режиссерлықты да өз қолына алмақ! Өнер иесі тіпті ол үшін арнайы оқуға түскен көрнеді. Киножұлдыз: «білім алуға ешқашан кеш емес», -дейді. Ал Әсел сынды әрдайым ізденісте жүретін жұлдыздар кімдер?

Әсел Сәдуақасова отызға келсе де, оқудан еш жалықпайды! Экс-әнші, продюсер әрі актриса бір кездері психологияға да қызыққан болатын. Десе де ол киносаласында жүргендіктен, режиссерлықты мықтап қолға алуды жөн көріпті. Сондықтан Әсел қазіргі таңда режиссер және сценарист мамандығы бойынша білім алуда.

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Келер жылдан бастап өзімді режиссер ретінде сынап көргім келеді. Сондықтан қазір маған түрлі режиссерлермен тәжірибе алмасу, олармен әңгімелесу өте қызық болып тұр.

Әселдің әріптесі Санжар Мәди де, көрікті келбеті ғана емес, жан-жақтылығымен көпті сүйісіндірген серілердің бірі. Әрдайым ізденісте жүретін ол, мықты киногер атану үшін New York Film Academy-ге арнайы барып, дәріс алған.

Санжар Мәди, актер:

- Ақырындап режиссерлік тізгінді қолға алмақ ниетім бар. Әзірге бірнеше жобалардың идеясы бар. Бірақ экрандауға дайын емес. Ізденіс үстіндемін.

Құралай Анарбекованы да, білімді жұлдыздардың қатарына қоса аламыз. Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің, Мәскеудегі ВГИК-тің түлегі атанған ол, бүгінде Назарбаев Университетінің магистранты.

Ләйлә Сұлтанқызы: «білім жолында ештен кеш жақсы», - дейді. Танымал тележүргізуші жиған жиырма жылдық тәжірибиесіне қарамастан, қырыққа келген шағында жүйелі білім алуды жөн санапты.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Біраз уақыт болды Женева бизнес клубы МBA оқып жатырмын, яғни Щвейцарияда бұйырса осы апта сессия, бұйырса енді прожект менеджент және де бизнес салсында МBA сессия тапсырып келемін. Қазіргі қоғамда сен білімді болмасаң көп нәрседен ұтыласың, бізді алға жетелейтін ол білім ғана.

Гүлмира Дайрабаева да әріптесінің бұл ұстанымын қолдайды. Тіпті тележүргізуші білім алу үшін отбасын ертіп, шетелге қоныс аударған-ды. Бүгінде ол АҚШ-та оқып жатыр. ЮФРЕЙМ-дік Артур: «Анамның Арнольд Шварцнеггердің шәкірті атанғанымен мақтанамын»,- дейді.

Артур Асқарұлы, вайнер:

-Анам қазір Америкада Болашақ бағдарламасы бойынша білім алуда. Лос-Анджелестегі UES университетінде. Ол америкадағы топ 10 оқу орнына кіреді. Анам үшін қуанамын, ол үнемі ізденісте жүреді.