Zivert түлектерді құттықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Zivert мектеп бітіруші түлектерді құттықтайды! Ресейлік өнерпаз онлайн форматта концерт беріп, оқушылармен тікелей эфир арқылы жүздесті.

Биыл пандемия кесірінен бітіру кешінсіз қалған оқушыларды Zivert осылайша қолдағысы келген көрінеді. ТМД-ға танымал әнші онлайн кездесуде мектеп кезін еске алып, сырымен бөлісті.

ZIVERT, әнші:

– Менің бір есте қаларлықтай мектеп бітіру кешім болмады. Себебі, мен 9-шы сыныптан кейін басқа мектепке ауысып кеттім. Сондықтан бүгін мен үшін де бітіру кеші десем болады.

Бұл күні Zivert-пен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне үздік оқушылар ие болды. Олар талантты әншімен тілдесіп, ақыл-кеңес сұрап жатты.

Еске салсақ, ресейлік поп-орындаушы бұл концертін мектепке арнайы барып, өткізуді жөн санаған. Онда сахна орнын спорт залдың алаңқайы алмастырды.

ZIVERT, әнші:

- Құрметті түлектер алда сіздерді үлкен өмірлік сапар күтіп тұр. Осындай ерекше күнді тікелей эфир арқылы тойлап отырғаным мен үшін мәртебе. Бітіру кешім болмады деп, мұңаюдың қажеті жоқ. Мысалы менде мектеп бітіру балы мүлдем болмады.

1 сағаттан астам уақыт бойы түлектерге арнап өнер көрсеткен Zivert репертуарындағы барлық әндерді орындап шықты. Ал бұл кешті миллиондаған көрермен тамашалаған еді.