«AlZaBi» тыңдарманын тағы бір туындымен таңқалтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, дәл осы трек AlZaBi тобына шоу-бинеске жолдама алып берген еді. Қала берді жаз бойы айтюс үздіктер қатарынан түспеді. Жігіттер қазірде хиттардың бірінен соң бірін жазып, жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Бүгінде олардың танымалдылығы ТМД асып тұрғаны да жасырын емес. Мәселен: Ресей, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды елдер олардың әндерін сүйіп тыңдайды.

Мәселен осыдан екі күн бұрын ресми релизы болған «1503» әні Отандық чарттарда көш бастап тұр. Тректың ерекше атауының да өз тарихы бар екен.

AlZaBi тобы:

– Негізі бұл отношение жайлы жазылған өлең. Жалпы менің өміріме үлкен маңызы бар. Сондықтан өлеңнің атын солай қойдық үшеуіміз. Бірақ оның ашып айта алмаймын барлығын. Марттың 15-і күні маған өте маңызды күн.

Топтағы жігіттер «өлеңнің мәтініне үңілсеңіздер, барлық құпия айтылған» дейді. Қала берді әннің сөзін де, музыкасын да өздерді жазатын болып шықты.

AlZaBi тобы:

– Үшеуіміз жаздық. Негізі көбінесе Альтаир сөзін жазады. Ал әннің мотивын, припервын Аби көбінесе құрастырады.

Бүгінде AlZaBi тобының қалыптасқан жанкүйерлері де жоқ емес. Жігіттер жүрген жерде суретке түсетіндердің қарасы көп. Ал Заңғар Нұртас «үйленетін уақыт келген сияқты» десе, қалған екі жігіттің жауабы мынадай болды:

AlZaBi тобы:

– Әрине оны қалаймын. Өйткені жасым 25-ке келіп қалды. Бірақ енді бұйырғаны болады ғой. Егер кездестірп бір, барлығы ойдағыдай болса онда әрине ендігі жылы үйленіп кетуге болады. Жоқ, бізде. Басымыз бос.

Жігіттердің алға қойған жоспарлары келелі. «Карантин бойы құр қарап жатпай, ізденісте болдық» деген олар, енді қатарынан бірнеше әнді тыңдарманына ұсынбақ ниетте екен.

AlZaBi тобы:

– Оған дейін өлеңдерді біз жәй ғана айтып жүрген кезде ол өлеңдер тез тарайтын болып кетті да. И солай үш төрт өлеңді көргіміз келіп жатыр. Ешкімге көрсетпей, подарок ретінде, сюрприз сияқты бар ғой. Ешкімге көрсетпей, жоқ жерден шығарып ше өлеңді. Ешкім күтпейтін кезде.