«Эмми» марапатының жеңімпаздары кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Телевизиялық «Оскар» атанған «Эмми» марапатының биылғы тримуфаторы - «Шиттс Крик» телехикаясы. «Комедиялық үздік туынды» атанған картина 9 бірдей мүсіншеге ие болды.

«Эмми» марапаты арқылы өз рекордтарын жаңартқан «Шиттс Крик» телесериалының актерлық құрамы да осал емес. Туындыда басты рөлді сомдаған актриса Кэтрин О'Хара «үздік әйел образы» номинациясы бойынша жеңіске жетсе, актер Юджин Леви «үздік ер адам рөлі» бойынша топ жарды.

Юджин Леви, актер:

- Мен кино саласындағы ең талантты актерлық құраммен бірге жұмыс істедім. Біздің өнерімізге көрермен тамсанып келеді. «Шиттс Крик»-пен мен 6 жыл біргемін. Осы мүмкіндік үшін командаға алғысым шексіз.

Еске салсақ, алты маусымнан тұратын дәл осы «Шиттс Крик» телехикаясы ситком негізінде таспаланған. Канадалық туынды ауқатты отбасының бастан кешкені жайында. Онда әулет өзінің байлағынан айрылып, «Шиттс Крик» шағын ауылына көшіп баруға мәжбүр болады.

«Эмми» шарасының жеңімпаздары қатарында «Наследники» сериалының жұлдыздары да бар. Туындының бас кейіпкері Джереми Стронг «драмалық телехикаядағы үздік рөл» аталымын еншіледі.

Джереми Стронг, актер:

- Алғысым шексіз! «Эмми» мен сені жақсы көремін! Шынымды айтсам сене алар емеспін. Бұл статуэтканы мені қолдаған жандарға арнаймын!

«Үздік қысқа комедиялық сериал» марапатына «Хранители» лентасының авторлары лайық деп танылды. 2019 жылы жарық көрген фантастикалық лента комикстарға негізделіп түсірілген. Ал картинада бой көрсеткен Реджина Кинг «үздік актриса»!

Бір қызығы дәл осы «Хранители» туындысы Эмми тарихында 26 бірдей номинация бойынша бақ сынап, рекодсмен атанып отыр.

«Үздік телевизиялық ток-шоу» аталымы «Королевские гонки Ру Пола» жобасына тиесілі. Сондай-ақ, «үздік мульти-сериал» номинациясы бойынша «Рик және Морти» анимациясы топ жарды.