Данэлия Тулешова «America's Got Talent» шоуының финалында өнер көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Sia -ның «Alive» әнін таңдаған отандасымыз ақтық мәреде де көрермен көзайымына айналды. Осымен 15-ші рет өтіп жатқан «America's Got Talent» шоуында 14 жастағы Данелия «қиын болса да осы композицияны дайындауға бекіндім»,-дейді. Еске салсақ, финалда 10 қатысушы бақ сынауда. Саймон Коуэлл бастаған әділ-қазылар алқасы өз таңдауын жасап қойыпты. Енді Америка жұртшылығы дауыс беру арқылы ертең жеңімпазды анықтайтын болады.

«Қазақ аруы – 2020» cұлулық сайысының жеңімпазы Нарқыз Айдарова ақ келін атанды! Бикештің таңдауы жас актер Ермек Тұрғанбекке түскен. Алматы облысының сұлуы үйінен ұзатылып, қуанышын ет-жақындарының арасында тойлады.

Аша Матай жиен-сіңлісін перзентханадан шығарып алды. Тек жақын туыстар, лимузин мен әдемі шарлар! Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбектің тұңғышы Айлана ет-жақындарымен дәл осылай қауышты. Жұлдызды отбасының қуанышы ары қарай дастархан басында, үлкендердің ақ батасымен жалғасты.