Анджелина Джоли ұлды болмайтын болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли ұлды болмайтын болды! Жоқ, актрисаның аяғы ауыр емес. Естеріңізде болса, өткен жылы Энджидың 14 жастағы Шайло есімді қызы, жынысын ауыстырғысы келетінін және соған байланысты гормондық дәрілер қабылдап жүргенін айтқан еді. Бірақ күні кеше Голливудтық папарацци, Шайлоның қара белдемше киіп, шашын төбесінен түйіп алған күйі кетіп бара жатқан жерінен суретке түсіріп алған. Соған қарағанда жұлдызды жанұяның еркесі бастапқы ойынан айнып қалған сынды.

Жалғыздық жайлы жаныма... Күні кеше Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген Шарлиз Терон соңғы 5 жылдықта ешқандай ер азаматпен көңіл жарастырмағанын айтты. Актриса «мен бақытсыз емеспін. Ата-анам, балаларым бар» дейді. Бірақ Шарлиз жаңа таныстықтарға да қарсы емесін жеткізген.

Жақында көптің көңілінен шығып үлгерген «Матрица» фильмінің төртінші маусымы көрермен назарына ұсынылады! Актер – Яхья Абдул-Матин II «Бұл ешкім күтпеген кино болады. Сценарийды оқып отырып, айтарға сөз таппадым» деп бәрін ынтықтырып қойды. Бірақ әзірге Яхьяның кімді сомдайтыны беймәлім. Туындының түсірілім жұмыстары, бүгінде Берлин қаласында жүріп жатыр.