«Nomad Stunts» туралы не білеміз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Құрыш білек, жолбарыс жүрек! «Nomad Stunts» – еліміздегі каскадерлердің жалғыз кәсіби клубы. Орталықтың негізін 2000 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі каскадер Жайдарбек Күнғожинов қалаған. «Көшпенділер» фильмінің түсіру тобынан бастау алған клубта 86 каскадер жұмыс істейді.

Кәсіби мамандар біздің сүйікті, Отандық фильмдеріміздің әсерлі болуына да зор үлестерін қосқан. Атап айтқанда: «Жаужүрек мың бала», «Рэкетир», «Шал», «Моңғол», «Құнанбай», «Томирис», «Алмас қылыш» туындылары. Сонымен қатар, «Сұлтан Бейбарыс», «Күндізгі шолушы», «Неудержимые – 2», «47 ронин», «Конан Варвар», «Марко Поло», «Мулан» сияқты шет ел ленталарында да қазақ каскадерлері ұрыс, жекпе-жек қойылымдарын қойған.

«Nomad Stunts» клубы осы уақытқа дейін Киану Ривз, Джет Ли, Джейсон Стетхэм, Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Брюс Уиллис, Натали Портман сынды кино жұлдыздарымен де әріптес болып үлгерген.

Бүгінде клуб меншігінде каскадерлікке машықтанған 40-қа жуық жылқы бар. Одан бөлек құрамдағы актерлар: акробатиканы, пиротехниканы, биіктіктен құлау мен өртену сахналарын еркін меңгерген. «Nomad Stunts» жігіттері «Disney»-ден бөлек, «НВО, Netflix» таспалаған талай телехикаяларда да бой көрсетіп үлгерген.