Карди Би мен Оффсет ажырасты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қыркүйектің ортасында Карди Би мен Оффсеттің ажырасатыны жөнінде ақпарат тарап кеткен еді. Ал күні кеше бұл мағлұмат ресми түрде расталды. Жұлдызды жұптың сот отырысы 4 қарашаға жоспарланыпты. Карди: «Мен қашанда жүрегімді тыңдаймын. Ал ол ажырасқанымды қалайды», - деп Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген.

Сән әлемінің серкелері Джиджи Хадид пен Зейн Малик алғаш рет ата-ана атанды! Индсайдерлердің мәліметінше жұлдызды жұп мансаптарында демалыс алған. «Джиджи кішкентай ханшайымының қасынан бір елі ажырамайды. Ал Зейн жары мен бөпесінің асты-үстіне түсіп әуре. Олар сондай бақытты», - дейді танымалдардың жақындары.

Өткен аптада Тарзан лақап атымен әйгілі ресейлік биші жары Наташа Королеваның көзіне шөп салғанын телебағдарлама арқылы мойындаған болатын. Себебі Тарзан көңіл жарастырған ашына, жүкті екенін жеткізген. Бұл мәселеге байланысты Наташа: «Әр жанұяның қарым-қатынасында дағдарыс болады. Қашанда мүмкіндік бере білу керек», - деп екіұшты жауап берді.