«iТunes KZ» чартының үздігі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит «iТunes» чартының ардагеріне айналды десек қателеспейміз. Музыканттың бір емес, бірнеше трегі үздіктер қатарынан түспейді. Әсіресе рэп орындаушының «Москва любит» туындысы 8 ай бұрын жарық көрсе де, әлі күнге дейін трендте. Оған қоса, Әділ Жалеловтің өзі құрған «Группа Скриптонит» командасы да музыкалық чартта сұранысқа ие.

Ирина Кайратовнаның да адал тыңдарманы жетерлік. Ғаламтор жұлдыздарының «Аррива» әні айтньюста тыңдалымы жағынан топ жарды. Осы жаздың хитіне айналған композияцияны ИК, рэпер Хиромен бірігіп орындаған болатын. Сондай-ақ, жігіттердің туындысын ютуб платформасында да 1 айдың ішінде 4 млн-ға жуық көрермен тамашалады.

The Limba болса, қазақстандық айтьюнста ғана емес, күллі ТМД бойынша музыкалық чарттардың көш басында. Өнерпаздың ресейлік әнші Егор Кридпен біргіп шырқаған «Coco L'Eau» коллаборациясы тыңдарманның құлаққабынан түскен емес.