Лотерея жарнамалап, басы дауға қалған Ернар Айдардың ісі не болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Ернар «Алматы Қаласы Бойынша Экономикалық Тергеу Департаментіне» іске қатысты білгенімен бөлісіп, куәгер ретінде көмектесіп жатыр екен. Бұл жайында Айдар-тегі инста парақшасында айтты. «Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын. Құрметті ағайын сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес», - дейді ол.

Қазақстандық тағы бір сылқым сұлулық сайысында оқ бойы озық шықты! «Miss Asia Internet 2020» байқауында бақ сынаған Зарина Загидуллина онлайн дауыс қорытындысы бойынша алға суырылған. Зарина жеңіс лентасынан бөлек, ақшалай сертификат пен «World Beauty» бас мұқабасына шығады екен. Жарыс жайлы кездейсоқ білген Зарина қуанышында шек жоқ екенін айтады.

Данияр Алшынов: «Ресей киносын бағындырмай қоймаймын», - дейді. Актер 42-ші рет Мәскеуде өтетін халықаралық кинофестивальге жолдама алып, Әділхан Ержановтың, өзі басты рөлді сомдаған «Черный, черный человек» картинасын қолдауға аттанған болатын. Шараға Қазақстаннан өзге, Ұлыбритания, Израиль, Швейцария, Түркия сынды елдер қатысуда. Биыл қызыл кілемсіз өтетін мерекеге бас аяғы 13 лента іріктелініп алыпты.