Парвиз Назаров қай жас әншімен дуэт жазбақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Лети», «Белые облака», «Берега» сынды хиттердің авторы Парвиз Назаров әлі де сұраныстағы әншілер қатарында. 49 жасқа келген өнер иесі бүгінде тыңдарманын жинап ән кешін өткізіп жүр.

Парвиз Назаров, әнші:

- Жетістігімнің сыры неде екенін шыны керек ойламаппын. Тректердің әлі күнге дейін хит болуы, сұранысқа ие болуы, тыңдарманымның арқасы деп білемін. Өнерімді бағалаған жанкүйерлерімнің жетістігі шығар.

Алайда Парвиз Назаров талай жыл сахнада жүрсе де, фанаттар армиясын жинай алмаған. Майталман музыкант өзінің шығармашылығына бас иетін жандар санаулы деп отыр.

Парвиз Назаров, әнші:

– Менің көбіне жанкүйер емес тыңдарманым көп. Қазақстанда шығармашылығымды бастағаннан бері мәдениетті, мені құрметтейтін жандарды көріп келемін. Оларға менің өмірімнен гөрі, өнерім қызық. Өзге әртістерде сынды, мені бас салатын фанаттар жоқ.

Парвиз бүгінде сұранысқа ие болу үшін трендте жүру керек екенін жақсы түсінеді. Сонлдықтан әнші жастармен фит жазуға дайын. Тіпті, Назаров бүгінде нью-скул орындаушымен коллаборация орнатып үлгерген.

Парвиз Назаров, әнші:

– Өте талантты, креативті жас өнерпаздар менің «Лети» әнімді қайта өңдеп жазуға өтініш білдірді. Мен қарсылық танытпадым. Кейін дуэтте айтуға ұсыныс білдірді. Ал кіммен, қашан ол тосын сый болып қалсын.

Еске салсақ, Парвиз бұған дейін «Mysterions» тобымен дуэт жазған еді. Бойзбенд Назаровтың 20 жылдық тарихы бар «Белые облака» трегін бірігіп орындаған болатын.

Парвиз Назаров, әнші:

- Менде «Mysterions» тобымен дуэт болды. Өкінішке қарай соңына дейін апармаған едік. Енді, жасалған жаңа каллобарация міндетті түрді жарыққа шығуы тиіс.