Отандық жұлдыздар табиғатты қорғауға шақырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жер Анаға алаңдаушылық білдіріп жүрген жұлдыздардың бірі - Санжар Мәди. Актер «экологияға деген көзқарасты өзгерту үшін, өзіңнен бастау керек» деген ұстанымда. Сондықтан, қоқысты сұрыптап, жәшігіне жеткізу киногердің күнделікті ісі.

Санжар Мәди, актер:

– Біздің халыққа қоқыстың өзін сұраптап үйрету керек деп санаймын. Егер алдағы 1-2 жылда бұл мәселені қолға алмасақ, біздің экология мүлдем құриды. Мысалы, Жапонияда қоқысты өз орнына тастамасаң, айыппұл салынады. Бізге де сондай заң керек шығар.

Санжар Мәдидің бұл бастамасын Артур Төлепов та қолдайды. Актер абайсызда тасталған қоқыс, еліміздің экологиясына кері әсерін тигізетінін жақсы түсінеді.

Артур Төлепов, актер:

- Адамның қоршаған ортасына деген мәдениет деп санаймын да. Оны мысалы сыртта кетіп бара жатып бір бөтелкені былай мусорға лақтырғанның өзі кетіп бара жатып ол да бір дұрыс емес деп санаймын да.

Ол түспей қалуы мүмкін, ол ойлауы мүмкін дәл тигіземін деп. Әр адам өзінен бастау керек.

Ал Данелия Төлешова, Индира Еділбаева және Интроверт бастаған өнерпаздар болса, бүгінде «MenQaldyrganECOiz» атты марафон бастады. «Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы» ұйымдастырған бұл акция қоршаған ортаны қорғауды дәріптеу мақсатында өткізіледі.

IntroVert, музыкант:

– Бұл жобаның мақсаты – жастарға пайдалы ақпарат беру. Экологияны қалай сақтап қалуға болады, табиғи байлықты қалай бағалау керек деген сынды. Өз басым бұрын-соңды білмеген нәрселерді біле бастадым.

«90 күнге жалғасқан аталмыш жобаның тапсырмасын қалт жібермей орындадым», - дейді Интроверт. Жас музыкант экология тақырыбына арнап «Исцели планету» атты трек те ұсынды.

IntroVert, музыкант:

– Менің басты қаруым ол әрине әлеуметтік желі және музыка. Егер халық бізден үлгі алатын болса, біз оны пайдалы жағынан қолдана білуіміз қажет. Өнерімізбен жастарды игі істерді жасауға тәрбиелеуіміз керек.

Игі ісімен көпке үлгі болып жүрген жұлдыздар бұл ғана емес! Еске салсақ, q-pop өкілдері жиі сенбілікке шығып, қоршаған ортаны қоқыстан тазалауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ, блогер Асселина еріктілерді ертіп, тауға шыққанын сенбілікке айналдырып жүр.