Отандық шоу-бизнесте брендқұмар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнесте бренд пен тренд қуалайтындар жетерлік! Мәселен, актриса Фариза Ескермес: «Қымбат сөмке көрсем, өзімді ұстай алмаймын», -дейді. Тіпті, қомақты қаржы жұмсалса да еш қынжылмайтын көрінеді. Бикеш бұл «дертін» астрологиямен байланыстырып алған. Оның пікірінше, егер қалап тұрған дүниеңді уақытында алмасаң, аспан әлеміндегі Венера ғаламшары сенің табысқа деген жолыңды жауып қоюы мүмкін екен.

Фариза Ескермес, актриса:

-Сумка менің комнатамда, менің үйімде гардеробымда сумка өте көп. Сумкаларды жаман жақсы көремін. Бәрі брендтегі сумкалар. Арзан сумкаларды алмаймын. Сол кезде Венера деген жаңағы әлем саған ренжімейді. Сол кезде сенің жолың ашылады. Сол кезде сен өз өзіңе ақшалай жолды жаппайсың. Сол кезде керісінше келеді ол.

Фаризаның әріптесі Тәуекел Мүсілім болса: «Қанша жерден брендқұмар көрінсем де, шынайы болмысым оған қарама-қайшы»,- дейді. Десе де, Мүсілімтегінің өзге «құмарлығы» бар. Актер гардеробындағы бар киімін тек қана шетелден алуға әуес екен.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Шыны керек, енді мен бренд қуған емеспін. Жалпы енді киімге келетін болсақ, әрине сапалы киінгенді қалаймын, жаңағы үйлесімді болғанын қалаймын. Көбінесе мен шетелде, шетел болған кезде шетелден киінемін. Бір сезонға, екі сезонға алып келемін өзіммен. Сол себепті қазақстанда көбінесе киім алмаймын.

Рүстем Жаныаманов бренд ұғымын тіпті қабылдай алмайтын болып шықты. Актер қымбат киімнің барлығы ажарыңды аша қоятынына сенбейді. Сондықтан да өнер иесі: «Еш пайдасы жоқ шүберек үшін қыруар қаржы жұмсағанша, үнемдегенім әлдеқайда абзалырақ», -деген пікірде.

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Жоқ, мен барынша экономить етуге тырысамын. Өйткені мен үш баланың әкесімін. Маған бір аса қалтаны қағып жіберетіндей проблема керек емес. Адам бір қарағанда көрікті болса, киімі мен келбеті келісіп тұрса, осы басты нәрсе деп білемін. Ал бренд қуалап көрген емеспін, қызықпаймын да шынымды айтсам.