Павел Прилучный емханаға ауыр хәлде жеткізілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Павел Прилучный Мәскеу емханасына ауыр хәлде жеткізілді! Актердың миы шайқалып, бас және жақ сүйегі сынған. Емханаға Павел өз аяғымен келген. Ол бүгінде ақылы бөлімде ем-дом алуда. Прилучный: «Баспалдақтан құлап қалдым»,-деп айтқан. Бірақ инсайдерлердің мәліметіне сүйенсек, оны біреулер мейрамханадан шыққан кезде ұрып кеткен. Павелдың қасында қарасып, экс-жары Агата Муцениеце жүргенге ұқсайды.

Меган Фокс пен Колсон Бэйкер ресми түрде жұп екендерін растады! Олар бірнеше күн бұрын Лос-Анджелесте өткен үлкен іс-шарада, қызыл кілем үстіне бірге шықты. Меган мен Колсонның махаббаттары жайлы, Батыстық БАҚ мамыр айынан бері сөз қозғап келеді. Актриса поп-әншінің «Bloody Valentine» клипінде төбе көрсетіп, күдікті күшейте түскенімен, осы кезге дейін сезімдерін мойындамай келген еді.

Бұрынғы өмірімді сағындым! Екі ай бұрын алғаш рет ана атанған – Джиджи Хадид күйзелісте жүргенін айтып, желідегі оқырмандарына мұңын шақты. Сәнбике подуим, жарық және түсірілім алаңын аңсаған. «Қызым, өмірімде сен пайда болғалы бәрі өзгеріп кетті. Түсініп үлгеруге уақыт берші», - деп Джиджи инстаграмына жазба қалдырған.