Индира Еділбаева мен Дан Балан ортақ трек ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Индира Еділбаева мен Дан Балан ұсынған «Дышат о любви» трегі тыңдарман қауымын қуантқандай! Көптен күткен ән күні кеше Украинадағы «Танцы со звездами» шоуының сахнасында орындалды. Махаббат туралы трек көптің көңілінен шыққанын желідегі жазбалардан байқауға болады. Алайда Инди мен Данның шығармашылық тандемі бейнебаян ретінде жалғасын таба ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Есесіне, Darkhan Juzz жаңа бейнебаянының тұсауын кесті! «Өзен» лейблының өнерпазы «Кейіпкер» атты клипін ұсынды. New school тыңдарман Дарханның тректерін сағынғандай. Туынды «Youtube» платформасында бірнеше сағаттың ішінде 10 мыңға жуық қаралым жинады.

Әділхан Ержанов тағы да үздіктер қатарында! Таллинде өткен «Темные ночи» кинофестивалінде «Ұлбосын» картинасының әлемдік премьерасы өтіп, көрермен назарына ұсынылған еді. Ал күні кеше туынды конкурста «Үздік Азия фильмі» атағын еншілегені белгілі болды. Еске салсақ, лента тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын көтерген. Ондағы басты рөлді актриса Әсел Сәдуақасова сомдаған.