Неліктен жұлдыздар жаппай «тиктокер» атануда?

Сообщить о проблеме с эфиром

ННН-ды бүгінде тикток жұлдызы десек артық айтпаспыз! Себебі блогердің желіге жүктеген кез-келген видеосы бірден трендке айналады. Нұрдәулет бұл платформада танымал болудың ешқандай қиындығы жоғын айтады. Тіпті, ғаламтор жұлдызы рекке түсудің құпиясымен бөлісті.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Неге актуальный тикток қазір рекомендует бәрін бұрынғы инстаграм сияқты. Қазір тиктокта шанс бар. Просто түсіру керек, түсіру керек болды. Как инстаграм сияқты.

Бүгінде видео түсіруге мықтап кіріскен тиктокерлер саны күн санап артып келеді. Нұрдәулет бұл үрдісті былай деп түсіндіреді:

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Өйткені кез-келген адам миллион просмотр жинай алады смело. Сол үшін сол жаққа барады да миллион просмотр жинап мәз болады да, әрнәрсе түсіріп танымал болып жатады. Бірақ енді тикток жақсы ғой. Қазір Қазақстанда мықты мықты тиктокерлер көп қой.

Қазақстанда тикток желісінің шыңын бағындыруға ниеттілер көп. Олардың арасында өнер өкілдері де жетерлік. Соның бірі - Рахат Масақбай жуырда ғана

ТМД-ға танымал «BIP house» ұжымының мүшесі атанған еді.

Рахат Масақбай, әнші, тиктокер:

- Тикток түсіріп жүргенім, ол көрермендерге жақын болуым және де өзімді басқы қырымнан таныту. Себебі тик ток бұл маған әлі алаң, который білмейтін алаң. Сондықтан да бұл жерде көріп түсіріп қызық болып жатыр.

Одан бөлек, Рахаттың бұл танымал желіні таңдауының өз себебі бар. Өнер иесі

тикток арқылы өз әндерін трендке түсіріп, туындыларын хит етпек.

Рахат Масақбай, әнші, тиктокер:

- Мен қазір бұл жерде новичокпында әлі күнге шейін, бірақ та тез үйренісіп кетіп жатырмын. Соңғы «Песня из тт» деген мені ол өнерім десең ия, бұрыннан келе жатқан. Индиский әндерді былай күшті келтіремін.

Дәл осылай деген Рахат болашақта өз әндеріне де тиктоктың қолданушылары видео таспалғанын қалайды.