Ержан Мұқатаев неліктен вакцина салдырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірінші ақпаннан бастап Қазақстанда, «Спутник V» вакцинасын сатылы егу басталған болатын. Төрт айға жуық уақытта екпені 671 мың адам алып үлгерген. Олардың қатарында отандық шоу-бизнестің белді әртістері де бар. Мәселен, вакцинацияның екі кезеңінен де өткен – Ержан Мұқатаев бүгінде өзін сергек сезінетінін, ешқандай ауырсынудың болмағанын айтады.

Ержан Мұқатаев, әнші:

– Мен вакцина қабылдаған себебім, біріншіден анам салдырды. Анам дәрігер, ол кісі салдырған соң, температурасы екі күндей болыпты. Салдырайын деп, сондай шешімге келдім. Әріптестеріммен ақылдастым. Көптеген достарыммен ақылдастым.

Айналасымен ақылдасып, вакцинаға бата алмай жүргендердің бірі – Динара Бақтыбаева. Актриса ой үстінде екенін, бірақ жақын күнде салдырып қалуы да мүмкін екенін айтады.

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Вакцина алатын шығармын. Себебі ата-анам, достарым, таныстарымның көбі ектірді. Күйеуіміз екеуіміз ойланып жүрміз.

Ал Жұлдыз Өмірғали, жұбайы Айқын Төлепбергенмен бірге вакцина алуды жоспарлап отыр екен. «Бұл ең бірінші қоғам саулығы үшін қажет шара. Бәрі өз амандығымыз бен болашағымыз үшін», - дейді әнші.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

– Вакцина салдыру ойда бар. Жалпы вакцинаға қарсы емеспін. Барлық ел болып салдырып, иммунитетке ие болып жатсақ, меніңше тезірек осы індеттен құтылар ма едік.

Еске салсақ, вакцинаны алғашқы болып алғандардың қатарында: Әнуар Нұрпейісов, Диас Абылаев, Әли Оқапов, Илья Ильин сынды атақтылар бар.