Ариана Гранденің су жаңа әні муызкалық чарттардың көшін бастауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Billboard» музыкалық чартының көшін Ариана Гранде мен The Weeknd «Save Your Tears» әні бастайды! Бұл екі өнерпаздың қосыла шырқаған үшінші трегі. Еске салсақ, хип-хоп орындаушы аталмыш әнді бұған дейін жалғыз шырқап келген еді. Енді Ариананың әсем даусы Тесфайенің туындысын романтикаға толтырғандай. Ал аталмыш композицияға ұсынылған анимацялық клип YouTube-та 50 миллионнан астам қаралым жинаған.

Bruno Mars, Anderson .Paak ұсынған «Leave the Door Open» әні әлі де «Billboard»-тың екінші сатысында тұр. Тың туынды қос орындаушының «Silk Sonic» тобы ретінде шырқаған алғашқы синглі. Трек дуэттің «An Evening With Silk Sonic» Ен евиниг уйз Силк Соник/ альбомына енген болатын.

Ал Justin Bieber мен Daniel Caesar, Giveon /Гивион/ ұсынған «Peaches» әні чарттың топ-үштігін түйіндейді. Композиция Бибердің «Justice» атты альбомының құрамында.

Сондай-ақ, «Биллборд» пайымымен үздік музыканттар қатарында Dua Lipa ft.DaBaby ұсынған «Levitating» әні мен Doja Cat ft. SZA-ның «Kiss Me More» трегі де бар.