Желі жұлдызы Сабиркин енді әнші атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Желі жұлдызы Сабиркин енді әнші атанбақ! Блогер үлкен сахнада өнер көрсетуді кішкентай кезінен қиялдаған екен. Ал Сәбира Жарасқызының бала арманын жүзеге асыруына отандық музыкалық байқаулардың бірі себеп болған. Еске салсақ, онда ол «Ninety One» тобының мембері Закпен бірге өнер көрсеткен еді.

Sabirkin, блогер:

- Мен негізі әнге өзім бұрынан жақынмын кішкентай кезімнен. Бірақ вокалмен айналыспасам да бірақ өзім кішкентай кезімнен ән айтқанды ұнатамын.

Сабиркин соңғы кездері инстаграмдағы ауқымды аудиториясының алдында каверлер айтуды жиілеткен. Блогер енді вокалмен кәсіби түрде айналысуды қолға алып, жеке әндерін шығармақ ниетте.

Sabirkin, блогер:

- Қазір мен енді вокалымды жақсартқым келіп жатыр. Өйткені көптеген моменттер бар дұрыс емес, сол себепті мағар ұнады әрі қарай көреміз. Бейнебаян туралы әлі ойлауға ерте бірақ бірінші менің ойымша иә, әндер шығаратын сияқтымын. Енді жоспарда бар.

Сәбираның музыкалық шығармашылығындағы алғашқы туындысы оның Закпен бірге шырқаған трегі болмақ. Желі жұлдызы «Ninety One» тобының мемберімен әнді әзірлеп қойған көрінеді.

Sabirkin, блогер:

- Жалпы онымен ара-қатынасымыз өте жақсы. Дос ретінде жақсы араласамыз және де ең бірінші жаңағы танысқанымыз сол жобада таныстық. Жобадан кейін жақсы араласып кеттік.

Ал Закпен ортақ трек жазуға Сәбираның өзі ұсыныс тастаған. Жарасқызының бұл идеясына 91-ліктердің продюсері Ерболат Беделхан қарсылығын білдірмеген екен.

Sabirkin, блогер:

- Зак бірден қолдады о давай кеттік, давай жазайық күшті болады деп. Енді Закпен бұйырса бір екі үш аптада шығып қалу керек трегіміз.