Әйгілі «Достар» сериалы экранға қайта оралмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносүйерқауым телехикаяның жалғасында да бәз-баяғы актерлық құрамды тамашалай алады! Сондай-ақ, сериалдың түсірілімі бұрыңғыдай бір студияда өтеді. Алайда, қайта жанданған жобаның жаңалықтары да жоқ емес! Арнайы эпизодтың тағы бір ерекшелігі қонаққа спорт, кино және шоу-бизнес жұлдыздары келеді. Ол тізімнің ішінде Дэвид Бекхэм, Джастин Бибер, Леди Гага, Кит Харингтон бар.

«Элита» сериалының көрермені үшін жағымды жаңалық! Хитке айналған испандық туынды төртінші маусымының трейлерін жарыққа шығарды. Осыған дейін Лас-Энцинас мектебінің оқушылары туралы телехикая көптеген кейіпкерлерімен қош айтысқан еді. Түсірілім тобы жаңа актерлық құрам жобаға жаңа тыныс алып келетініне сенімді.
Меган Маркл мен Гарри ханзаданың ақсүйектер әулетінен бөлек кетуі тұтастай бір туындының сюжетіне негіз болмақ. Американдық «Lifetime» телеарнасы әйгілі жанұя жайлы «Гарри және Меган: Сарайдан қашу» атты фильм таспаламақ. Картинада ханшайымның корольдік отбасына қатысты ойлары, өкпе-реніші мен қорқынышы сөз етіледі. Лентада басты рөлді сомдау Джордан Дин мен Сидни Мортонға бұйырған.