Жахан Отарғалиевтың жаңалықтары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жахан Отарғалиевтың бұл күндері үлкен экрандардан көрінбей кеткені жасырын емес. Былтыр соңғы рет «Бизнес по-казахски в Турции» фильміне түскен актер бүгінде ұсыныстарды қабылдай бермейтінін айтты. Әзілкештің мұндай шешімі көрерменді жалықтырып алмау үшін екен.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

– «Бизнес по-казахски Түркияда» фильмінен кейін мен ойладым ол желтоксан айында шығады. Сосын шыққаннан кейін барып ұсыныс қабылдаймын. Әзірге шыққан жоқ осы жылдың желтоқсаны дегендей қылды.

Оның үстіне, сұраныстағы актерлердің біріне айналған Жахан толықметрлі фильмдер ғана емес, енді телехикаяларда да төбе көрсетпек. Отарғалиев: «Бүгінде желі қолданушылары арасында танымал веб туындыларда тәжірбие жинасам», - дейді.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

– Жалпы мен бұрын соңды сериалға түсіп көрмегем. Сериалдарға шақырған бірақ түсіп көргем жоқпын. Бірінші рет қазір сериалға түсіп жатрмын. Қазір Алла бұйырса ол ютуб порталында, ол жерде Жанболат Найзабеков менің көршім досым екеуміз ойнаймыз басты рөлде.

Отарғалиев сондай-ақ, өзінің телехикаясын түсірмек ниетте. Актердің идеясы бойынша тың туынды ютуб платформасына арналған отбасылық құндылықтарды дәріптейтін драма болмақ. Жахан тың жобалары желідегі оқырманына қызықты боларына сенімді. Себебі, Отарғалиев соңғы кездері киномансабына қарағанда, блогерлік арқылы танылуда.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

– Мен өзім бірінші болып Қазақстанда жалпы гив ұйымдастырушылар көп қой, ең бірінші болып 5 күнде 5 миллион, екінші рет 5 күнге 6 миллион ақша тараттым. Менің ақшамды ұтып алған адам, мен үнемі сұрайтынмын үнемі сол мұқтаж жан ұтса екен деп. Өйткені адам үйде отырады жұмысы жоқ істейтін ештеңесі жоқ.

Еске салсақ, Жаханның жары Балжанның да желідегі оқырман санын бірнеше айда 800 мыңға дейін гивпен көбейтіп алған еді.